13:37, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Шиелідегі Оқшы ата мазарында иман үйі есік ашты
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Шиелі ауданындағы жеті әулие қорымынан Оқшы ата иман үйі есік ашты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Игі шара салтанатында аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев біткен істің мәніне тоқтала келіп: 1997 жылы осы мекенде үлкен ас беріліп, имандылық пен тазалық орнына айналдырудың алғашқы шарасы басталған еді. Міне, он екі жылдан соң үлкен имандылық үйі ашылып отыр. Бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан ел азаматтары елді имандылық пен бірлікке ұйытудың үлгісі болуда. Биылдың өзінде ауданда 3 мешіт салынды, 2 мешіт күрделі жөндеуден өтуде, - деді ол.
Үш бөлмелі иман үйінде 240 кісілік намазхана, асхана, 60 кісілік қонақүй орналасқан. Ол енді халық игілігіне қызмет ететін болады.