Шиеліліктерді қандай мәселелер толғандырады: Сенатор Руслан Рүстемов тұрғындармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Телікөл ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: senate.parlam.kz

Депутат жүздесу кезінде Парламенттегі заң шығару жұмысы туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді. Сонымен қатар өңірге газ жеткізудегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ жайылымдық жерлердің жай-күйін талқылады.

Сенатор бұл мәселе жақын арада қабылданатын жаңа заң жобасы аясында шешілетінін атап өтті.

Руслан Рүстемов сонымен қатар Байсын елді мекеніндегі спорт кешені мен 4 тұрғын үй және орта мектептің құрылысының барысымен танысты.



Соңғы жаңалықтар