Шигео Катсу Назарбаев Университетінің басшылығынан неліктен кетіп жатқанын айтты

None
Фото: nu.edu.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінің президенті лауазымынан кетіп жатқан Шигео Катсу өз шешіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астана халықаралық форумында Шигео Катсу тілшілер сұрағына жауап берді. Осы орайда ол Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қалатынын айтты.

«Мен осында қаламын. Атап айтқанда, оқу орнындағы өзге де кеңестерде қызметімді жалғастырамын», - деді Катсу.

ЖОО басшысы сонымен қатар лауазымынан не себепті кетіп жатқанын түсіндірді.

«13 жылға жуық осы лауазымда қызмет атқардым. Осыған дейін жүзеге асырмай, кейінге қалдырған біраз жұмысым бар еді, бұл жоспарымды іске асыруға кірісемін», - деді Шигео Катсу.

Назарбаев Университетінің ресми сайтында 2023 жылдың 15 маусымынан президент Шигео Катсу отставкаға кететіні жарияланған болатын.

«Президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады», - делінген мәліметте.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумының кулуарында Назарбаев Университетін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар
telegram