Шығын 11 млн теңге: мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – 14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

мал ұрлығы
Фото: видеодан алынған скрин

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды. 

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан.

Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Барлық күдіктілер қамауға алынды.

— Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады, — деді ІІМ-де.

Айта кетелік жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп анықталғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар