«Шығын – 2 млрд теңге»: «Хоргоста» 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды.

«Шығын – 2 млрд теңге»: «Хоргоста» 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды
Фото: ҰҚК

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады. 

«Шығын – 2 млрд теңге»: «Хоргоста» 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды
Фото: ҰҚК

«Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Атырауда 24 жастағы жүргізушінің көлігінен 71 киік мүйізі тәркіленгенін жазған болатынбыз.

Мәжіліс депутаты киік мүйізіне қатысты сотталғандардың мәселесін көтерді.

Соңғы жаңалықтар