09:49, 22 Тамыз 2025 | GMT +5
Шығын 270 млн теңге: табысты кәсіпкер алаяқ болып шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірді.

— Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берді, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарыз болып қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты, — делінген Астана қаласының прокуратурасы хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетелік Алматыда алаяқтар нөмір ауыстыруға пайдаланатын Sim-Box жабдығы тәркіленді.