Шығын 650 млн теңгеден асады: алаяқтық жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ақжайық» ЖШС бұрынғы директоры ұсталды
Фото: BILD

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.

– Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі жалған құжат жасаған Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар