Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы электр желілерінің 97 пайызы тозған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары электр желілерінің тозуы бойынша Қазақстандағы ең алдыңғы шептегі өңірлер. Республика бойынша тозу деңгейі орта есеппен 62 пайызды құраса, бұл екі облыста жыл басындағы көрсеткіш 97 пайызға жеткен.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

Екі бірдей облыстағы электр желілеріне «Біріккен Энергосервистік компания» қызмет көрсетеді. Дәл осы компанияның желілері 97%-ға тозған. Одан кейінгі орында 95 пайызбен Қарағанды ​​облысы және 93 пайызбен Алматы облысы тұр. Сондықтан елдегі энергетикалық компаниялар биыл күш-жігерін жабдықтарды жаңғыртуға барынша жұмылдырды. Бірақ жағдай әлі күнге дейін оңалмай келеді.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жыл басынан бері электр желілерінде 1300-ден астам апат болған. «Біріккен Энергосервистік компания» АҚ мәліметінше, шалғай елді мекендердегі мәселе өте өткір. Мәселен, Жарма ауданына қарасты Үшбиік ауылының тұрғындары 10 жылдан бері жергілікті биліктен көмек сұрап келеді.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

«Жарықтың болу-болмауы бізде тікелей ауа райына байланысты. Егер жел күшейсе, жарық өшеді деген сөз. Тозған желілер ауыстыруды қажет етеді», - дейді Үшбиік ауылының тұрғыны Төлеубек Ахметжанов.

Ауылда жөндеу жұмыстары мүлде жүргізілмейді деп айтуға болмас. Әр үзілген желі қалпына келтіріледі, жабдықтар ауыстырылады. Бірақ халық жаңа жабдықтар алынбайтындығына наразы.

Жарма ауданының әкімдігі көмектесе алмайды. Олар тек ақауларды жоюға жәрдемдеседі, өйткені желілер жеке компанияның балансында. Ал энергетикалық компания болса мәселе барын жасырмады.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

«2024 жылы жабдықтарды жаңғырту мен күрделі жөндеуге рекордтық 15 миллиард 148 миллион 794 мың теңге инвестицияладық. Біз жалпы ұзындығы 102 шақырымнан асатын 28 нысандағы желілерді қалпына келтірдік. Ал құны 1,5 млрд теңгені құрайтын жоба әлі де жалғасуда. Сондай-ақ 67 нысанда қосалқы станциялардағы жабдықтар ауыстырылды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тозуды 84,4%-ға дейін төмендете алдық», - деп хабарлады «Біріккен Энергосервистік компания» АҚ-дан.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

Жағдайды өзгерту үшін Үкімет энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі ұлттық жобасын қабылдады. Қазақстанда 6 жыл ішінде желілерді жаңартуға 3,2 трлн теңге бөлінеді деп күтіліп отыр. Бұл тозуды орта есеппен 39 пайызға азайтпақ.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

Еске салсақ, осыған дейін Үкіметте жаңартылатын энергетика, суды тұщыту және «жасыл» сутегі өндіру мәселелері талқыланғаны хабарланған.

Энергосети в ВКО и области Абай изношены на 97%
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар