Шығыс Қазақстан облысындағы бір учаскеде жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады. 

жол
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— 2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 05:30–да республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 166-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен-Нарын ауылына дейін) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.

Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Аталған учаскедегі көлік қозғалысына шектеу 26 желтоқсан күні сағат 18:00–де қойылған.

Соңғы жаңалықтар