Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

– 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. Ал Ұлытау облысында көлік қозғалысы ашылды.

– 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:00-де республикалық маңызы бар «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» 24-137 шақырым аралығындағы учаскесінде (Сәтпаев қаласынаң Ұлытау кентіне дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, 2030 жылға дейінгі 1500 шақырым жол төрт және одан да көп жолақты болады.

Соңғы жаңалықтар