Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM –  Қолайсыз ауа райына байланысты 19 сәуір күні таңғы сағат 08.30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтожол.

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— 2025 жылғы 19 сәуір сағат 08:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 6-450 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан «Рахман қайнары» шипажайына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада. 

Жолды 2025 жылғы 19 сәуір сағат 12:30–да ашу жоспарланған.

Айта кетелік бүгін 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Соңғы жаңалықтар