Шығыс Қазақстанда 150 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында күз кезінде эпидемиялық маусым басталғалы бері 150 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды.

Шығыс Қазақстанда 150 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды
Фото: Астана әкімдігі

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен ауырғандар саны артып барады. Нақты айтқанда, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,56 пайызға көбейген. 

- Барлығы 150 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды. Оның ішіндегі жартысынан астамы, яғни 81 237 адам Өскеменде тіркелген. Сондай-ақ Глубокое ауданы мен Алтай қаласында да ауырғандар саны көп. Ал Марқакөл ауданында ауруға шалдыққандар саны ең аз, - делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да тұмаудың төрт түрі тарағаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар