Шығыс Қазақстанда 4 жол жабылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты 4 жол жабылды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта облыста қалың қар жауып, қатты жел соғып, жол дұрыс көрінбей тұр.
- Осыған байланысты облыстық маңызы бар «Таврия-Каменка-Тройницкое» тасжолының 33-43 шақырымы (Каменка мен Тройницкое ауылдарының арасы), «Алматы-Өскемен» тасжолынан Борсақ учаскесіне бұрылар тұстың 0-13 шақырымы, «Ұлан-Бозанбай» тасжолының 5-32 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабық. Сондай-ақ республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 1013-1048 шақырымында (Абай облысы мен Ұлан ауданының арасы) көлік қозғалысына тыйым салынған, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қыс кезінде тауға шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салғаны хабарланған.