Шығыс Қазақстанда бұрқасынға байланысты жол жабылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылды. 

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда бұрқасын мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар жол жабылды. 

— Сағат 21.00-ден бастап «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 63-145 шақырымында (Тарғын мен Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан көлік жүргізушілерін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. 

Еске салсақ, осыған дейін Үлкен Алматы айналма жолында 2026 жылдан бастап жолақы қымбаттайтындығы хабарланған

Соңғы жаңалықтар