Шығыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды.

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды
Фото: Kazinform

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 ақпан күні «Күршім-Қалжыр» тасжолында болған. Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктер соқтығысты.

- Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолда барынша абай болу қажеттігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында жол бойындағы темір қоршауға соғылған көлік жүргізушісі мерт болғаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар