Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды.  

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды
Фото: freepik.com

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. 

– Аталған учаскеде қар көшкіні жүру қаупі туындап отыр. Сондықтан көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұл жол 18 қаңтар сағат 08.00-ге дейін жабық болады. 

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар