Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. 

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді
Фото: Видеодан алынған скрин

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолында қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілді. 

– Бұл жол – өңірдегі ең қозғалысы қарқынды әрі жер бедері күрделі бағыттардың бірі. Осыған байланысты тау бөктерінде 7 жарылыс жасалды. Жалпы көлемі 1 885 текше метр қар түсіріліп, өздігінен көшкін жүру қаупі айтарлықтай төмендетілді, - делінген ақпаратта. 

Шығыс Қазақстан – республикадағы қар көшкіні қаупі жоғары өңірлердің бірі. Облыстық «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының дерегінше, облыс бойынша 497 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін. Онда 93 шақырым көлік жолы орналасқан. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматы тауларында туристер қар көшкінінің астында қалып, бір адам көз жұмғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум