15:53, 05 Наурыз 2026 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда өзендерде жару жұмыстары басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Жүргізілген жұмыстар өзеннің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
— Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданында, Усть-Таловка ауылы маңында, Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында 8208 шаршы метр аумақта су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жару жұмыстары жүргізілді. Аталған аумақта жару жүргізілген жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерге аэровизуалды мониторинг жүргізілгенін жазған болатынбыз.