Шығыс Қазақстанда туберкулезбен ауырғандар саны 3,6 пайыз өсті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында биыл туберкулезбен ауырғандар саны 3,6 пайыз артып отыр.

врач
Фото: freepik.com

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша туберкулезге шалдыққандар көбейген. Нақты айтқанда, 225 адам ауырып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсіп отыр.

«Өскемен қаласында және Алтай, Самар, Глубокое, Күршім аудандарында ауырғандар санының көбейгені байқалады. Сондай-ақ облыста балалар арасындағы аурушаңдық та 1,3 есе өсіп кетті. Биыл 12 бала ауырса, былтыр 9 бала бұл сырқатқа шалдыққан болатын», - делінген ақпаратта.

Ал 0 мен 14 жас аралығындағы балалар арасында ауырғандар саны – 7. Оның алтауы Өскемен қаласында, біреуі Ұлан ауданында тіркелген.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде биыл 1370 адамнан қатерлі ісік анықталғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар