Шығыс Қазақстандағы қар тазалайтын техникалар қысқа әлі толық дайын емес

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM –  Шығыс Қазақстан облысындағы қар тазалайтын техникалар қысқа әлі толық дайындалып үлгермеді.

қар тазалау
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазіргі уақытта өңір бойынша алдағы қыс мезгіліне дайындық жүргізіліп жатыр. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қар тазалайтын техникалардың дайындығы 90 пайыз. Облыста осындай техникалардың жетіспеушілігі де сезіледі.

«Әсіресе қар жиі жауып кеткенде техника жетіспей қалады. Бірақ соған қарамастан жалға алатын резервтік техникалар бар. Келісімшарттар жасап, қажет болған жағдайда қосымша техника тарта аламыз. Сондай-ақ биыл «ҚазАвтоЖол» компаниясымен меморандум жасалды. Форс-мажор кезінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін ірі мердігерлер де техникамен көмектеседі», - дейді «ОблШығысЖол» ЖШС жол қауіпсіздігі қызметінің бастығы Ришат Күдербаев.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қараша айынан бастап қыстың соңына дейін бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелгені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар