ШҚО-да қараша айынан бастап қыстың соңына дейін бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қараша айынан бастап қыс мезгілінің соңына дейін бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді.

тұрғындар
Фото: Абай облысы әкімдігі

«КАЖсервис» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 1 қарашадан бастап өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді.

«Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясы шекарасы тасжолының 94-104 шақырымында (Бутаково ауылы мен Риддер қаласының аралығы) сағат 20:00-ден 6:00-ге дейін, Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 44-66 шақырымында (Осинов асуы) тіркемесі немесе жартылай тіркемелесі бар көліктердің қозғалысына тыйым салынды», - делінген ақпаратта.

Бұл шектеудің себебі - бұрылысы көп учаскелерде ауыр жүк көліктерінің жол апатына ұшырау қаупі жоғары.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде әйелді пойыз қағып кеткені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар