Шығыс өңірінің шекаралық аймағында көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

«Алматы-Өскемен» автожолында көлік қозғалысы ашылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— 2025 жылғы 02 қантарда сағат 16:30–де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Таскескен-Бақты» 0-75 км, Таскескен а. — Үржар а. учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында да көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 02 қаңтарда сағат 18:00–де Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің өздігінен түсу қауіпіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановский кілттері» автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, 6-166 км., Ушановское а. учаскесі-Алтай қаласы.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін еліміздің бес облысында жол жабылатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар