Шығыстағы екі облыста көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 19 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

погода, боран, метель, дорога
Фото: Ағыбай Аяпбргенов / Kazinform

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан жазғандай, шектеу Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында – Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін қолданылады.

Сондай-ақ «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығында – Казачье ауылынан Таврия ауылына дейін және 48-103 шақырым аралығында – Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін қозғалыс шектелді.

Абай облысында «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығында – Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды.

Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін 19 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны хабарланды

Соңғы жаңалықтар
Референдум