Шілде айында азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне баға төмендеді - Статистика агенттігі

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы шілдеде 2011 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлік тауарларының жеке түрлеріне баға төмендеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, аталмыш кезеңде жармалар 32,4 пайыз, қант - 20,4 пайыз, жемістер мен көкөністер - 13,4 пайыз, ұн - 10,4 пайыз, май және тоң май - 4,1 пайызға арзандады. Ал 2011 жылғы шілдеде оларға бағаның маңызды өсуі белгіленген болатын.Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілдеде бағаның өсімі 2011 жылғы шілдеге қарсы нанға 1,1 пайыз, алкогольді ішімдектерге - 4,3 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 4,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 5,2 пайыз, сүт өнімдеріне - 5,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 5,8 пайызға төмендеген.

Дегенмен, ет бағасының өсуі бірнеше жоғары қалыптасты, атап айтқанда: сиыр еті 23,7 пайызға, жылқы еті - 20,5 пайызға, қой еті - 20,4 пайызға, шошқа еті - 17,8 пайызға, шұжықтар, еттен жасалған өнімдері - 9,4 пайызға қымбаттады.

Жалпы атап өтілген кезеңде азық-түлік тауарларына баға 3,4 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар