Шілде айында еліміздегі банктердің экономикаға несиелері бойынша негізгі борышының жалпы көлемі 8079,5 миллиард теңгені құрады
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банк төрағасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Г.Марченконың айтуынша, Ұлттық валютадағы несиелер бойынша борыштың көлемі 3867,2 миллиард теңгеге дейін 0,4 пайызға өсті, шетел валютасындағы кредиттер 4212,4 миллиард теңгені құрай отырып, 1,1 пайызға төмендеген. Теңгедегі несиелердің үлес салмағы маусыммен салыстырғанда шілдеде 47,5 пайыздан 47,9 пайызға дейін өскен. Нəтижесінде, ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы бір айда 82,5 пайыздан 83,4 пайызға дейін ұлғайған.
Шілдеде жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 18,7 пайыздан 19,5 пайызға дейін, ал заңды
тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 14,6 пайыздан 15,5 пайызға дейін өскен.