12:41, 30 Маусым 2021 | GMT +5
Шілде айының басында қатты ыстық болады - Қазгидромет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 1-3 шілдедеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасының жылжуы, елдің көп бөлігінде өте ыстық ауа райының сақталуына әсер етеді. Тек республиканың батысында, содан кейін солтүстік-батысында циклон шұңқырының келуімен, найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде термометрлер солтүстік, оңтүстік және орталықта 12-25℃ жылы, күндізгі 30-44℃ ыстық, шығыста түнде 12-20℃, күндіз 27-35 градус ал батыста түнде 15-26℃, күндіз 28-36 градус ыстық болады
Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда аптап ыстық болатындығын ескерткен еді. Мамандар күннен қалай қорғану керектігін айтты.