Шілдеде еліміздегі орташа айлық жалақы 82 мың 282 теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 18 пайызға өсті

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылғы шілде айында еліміздегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 82 мың 282 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 18,0 пайызға, нақты көріністе - 10,6 пайызға өсті.
None
None

Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең жоғары жалақы бұрынғысынша қаржы және сақтандыру қызметінде - 160,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 151,9 мың теңге (1,8 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 143,2 мың теңге (1,7 есе), ақпарат және байланыста - 130,7 мың теңге (1,6 есе) шамасында сақталып отыр. Ал ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерге тиесілі екен. Аталған салалардағы жалақы 35,1 мың теңгені құрайды, бұл республика бойынша қамтылған көрсеткіштен орта есеппен 57,3 пайызға аз.

Ал өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында сақталып отыр. Бұл өңірдегі жалақы - 154,0 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында жалақының шамасы 54,7 мың теңгені құраған, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,5 пайызға төмен көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар