Шілдеде Қазақстан халқының шетел валютасын сатып алуы 34% өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы шілдеде халық нетто-негізде қолма-қол 196,5 млрд. теңге сомаға шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
None
None

Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға жұмсалды, Ресей рублінің және еуроның үлесі тиісінше 22% және 9% болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 12%-ға ұлғайды, бұл ретте АҚШ долларын және еуроны сатып алу шығыстары теңбе-тең - әрбір валюта бойынша 34%-ға ұлғайды, Ресей рублін сатып алу шығыстары 29%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,0 трлн. теңге (АҚШ долларына - 57%, Ресей рубліне - 31%, еуроға - 12% болды. Бұл ретте шығыстардың осы көлемі тұрақты 2011-2013 жылдардағы (орташа мәні - 1,1 трлн. теңге) тиісті кезеңдердің көрсеткіштерінен де, сол сияқты айырбастау бағамы тұрғысынан алғанда құбылмалы 2014-2015 жылдардағы (орташа алғанда - 1,3 трлн. теңге) көрсеткіштерден төмен. 2016 жылғы қаңтар-шілдеде қолма-қол шетел валютасын нетто-сатып алу 150 млрд. теңгені құрады, бұл депозиттердің долларсыздануы және теңгенің нығаюы аясында оған деген сұраныстың төмендеуіне байланысты болды.

Қолма-қол шетел валютасындағы кірістердің іс жүзінде болмауына байланысты, Қазақстан халқы қолма-қол шетел валютасын таза сатып алушы болып табылады және одан әрі қалады. Сонымен бірге оған деген қажеттілік айтарлықтай және шағын кәсіпкерлер тарапынан сұранысқа, шетелге туристік сапарлар кезіндегі жеке қажеттіліктерге, шет елге ақша аударымдарына, оның ішінде еңбек мигранттарының әкетуіне, сондай-ақ жинақ ақшаның әртараптандырылуына сәйкес айқындалады.

Соңғы жаңалықтар