Шілденің ортасына дейін ҚР Үкіметі өнеркәсіптің 6 саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды бекітеді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н. Әбдібеков

nbsp;АСТАНА.Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шілденің ортасына дейін ҚР Үкіметі өнеркәсіптің 6 саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды бекітеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тау-кен металлургиялық, жеңіл, химия, фармацевтикалық өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс индустриясын дамыту бойынша 6 салалық бағдарламаны әзірлейді», деп хабарлады Н.Әбдібеков.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған бағдарламалар мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде тұр. «Кестеге сәйкес, біз шілденің 15-іне дейін Үкіметтің тиісті қаулысымен оларды бекітуіміз қажет», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол бұл салалық бағдарламалардың мақсаты мен міндеті үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясына қойылғандықтан маңызды екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар