Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылатын болады. Бұл туралы Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

шымбұлақ
Фото: Kazinform

«Өткен жылдың қазан айынан бастап «Мохнатка» және «Горельник» тау беткейлерінен 80 мың шаршы метрге жуық тас шығарылды және 17,6 мың текше метр үйінділерден тазартылды», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, қала әкімі 2024 жылдың көктемінде Шымбұлаққа барар жолда тау беткейлерін нығайту жұмыстары басталатынын жеткізді. Сондай-ақ, нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары осы жылдың күзінде аяқталады.

«Алматыдағы «Медеу-Шымбұлақ» жолында құлаған тастарды алып тастау жұмыстары 2023 жылдың күзінен бері жалғасуда »,- деді ол.

Еске салайық, былтыр сәуір айында Медеуден Шымбұлаққа баратын жолда 20 текше метр тас құлаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар