Шымкент әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акимат
Фото: government-office-

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар ішінде Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы бар. Олар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынбаған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған.

«Күдіктілер кінәні толық мойындауларына байланысты ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қысқартылған тәртіппен қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»-деп жазды Дәурен Ерғарин.

Соңғы жаңалықтар