13:44, 07 Наурыз 2025 | GMT +5
Шымкент — Алматы жолы жабылды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Өңірде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейді.

Күн райының қолайсыздығына байланысты Шымкент — Алматы тас жолында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді. Таулы аймақтарда қар мен жаңбыр жауып, жел күшейді. Салдарынан көлікпен жүру қиындық тудырып жатыр.
Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерге ескертулерге құлақ асып, қолайсыз ауа райында сапарға шықпауды ескертеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылғанын жазған болатынбыз.