Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Оқиға жолаушылар рейсі қонғаннан кейін болған.
FlyArystan әуе компаниясы 15 сәуір күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ пен иттің соқтығысқанын растады.
– Салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданды. Қазіргі уақытта ауыстырылуы тиіс барлық қосалқы бөлшек Алматыдан жеткізіледі, - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда әуе компаниясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
– Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Ұшу қауіпсіздігі әуе компаниясының негізгі басымдығы саналады, - деп нақтылады FlyArystan өкілдері.
Сондай-ақ иттің ұшу-қону жолағына қалай кіріп кеткені де тексеріліп жатыр.
Бұдан бұрын Шымкент әуежайында ескі ұшу-қону жолағы рейстерге кедергі келтіргенін жазған едік.