Шымкент қаласы Абай облысына өнер мектебін салып береді
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласы Абай облысына өнер мектебін салып бермек.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, салынатын өнер мектебінің жалпы аумағы 4500-5000 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны шамамен 2 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр.
– Абай облысына өнер мектебін салып береміз деген міндеттеме алдық. Қазіргі уақытта Абай облысының тиісті басқармалары жер телімін анықтау және қаулы шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жер телімі нақтыланған сәттен бастап құрылыс жұмыстарына кірісеміз. Бұл Абай еліне, жұртына ұялмай сыйлайтын ғимарат болады, – деді Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда Абай мұрасының аудиожинағы жарық көрдгенін жазған болатынбыз.