Шымкенттегі бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізілді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM —  ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті комитеттің орталық аппарат өкілімен бірлесіп, бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Шымкент қаласындағы бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізілді
Фото: Энергетика министрлігі

Іссапар аясында «3-Энергоорталық» АҚ-ның ЖЭО, «Оңтүстік Жарық» ЖШС аймақтық электр желілері компаниясы және «Куатжылуорталық-3» ШЖҚ МКК-ның нысандары қаралды. Мамандар жабдықтардың техникалық жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Шымкент қаласындағы бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізілді
Фото: Энергетика министрлігі

«3-Энергоорталық» ЖЭО-да биыл №2 және №3 қазандықтарға күрделі жөндеу жоспарланған. №2 қазандықтың жөндеуі аяқталды, №3 қазандықтағы жұмыс жалғасуда. «Куатжылуорталық-3» -тың АДЦ-160 қазандық цехында екі қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. 

Қайта өткізілген конкурстық рәсімдерге байланысты жылу желілеріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары тамыздың бірінші онкүндігінде басталмақшы. 

Шымкент қаласындағы бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізілді
Фото: Энергетика министрлігі

«Оңтүстік Жарық» ЖШС-де жоспарлы жөндеу жұмыстары да бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Мониторинг барысында жұмыстардың мерзімі мен көлемін сақтау, алдағы 2024–2025 жылғы жылыту маусымына дайындық, технологиялық ақаулардың алдын алу, сондай-ақ электр және жылу желілерін пайдаланудағы тәуекелдерге ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі газ жобаларын жеделдетуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар