«Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі биылғы жылдың 15-ші және 28-ші тамызы аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.
Аталған кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
«Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.