Шымкент құрамасы Қазақстан бокс федерациясы кубогының иегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан бокс федерациясы кубогы финалына шыққан құрамалар белгілі болды.
Финалда олар Астана құрамасымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде шымкенттік боксшылар 9:6 жалпы есебімен басым түсті.
Айта кетсек, жартылай финалда шымкенттік былғары қолғап шеберлері Қарағанды құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірді.
Ал шымкенттік спортшылар ширек финалда А тобында 22-28 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары, Алматы қалаларының боксшыларымен сынға түсіп, үздік көрінген еді.
Бұл жарыста үшінші орын үшін Қарағанды мен Маңғыстау облыстары сайысқа түсті. Тартысты өткен бәсекеде маңғыстаулық боксшылар 8:7 есебімен жеңіп, үздік үштіктен көрінді.
Жарыстың жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайды. Жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.