20:14, 13 Қараша 2025 | GMT +5
Шымкент маңындағы зауытта қаза болған екі адамның өліміне кінәлі күдіктілер ұсталды
ШЫМКЕНТ. KAZUNFORM - Шымкент қаласының аумағындағы зауыттардың бірінде абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жағдайы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Аталған іс бойынша екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
- Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң іс бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген Шымкент қалалық полиция департаментің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автокөтергіш аударылып, екі адам қаза тапқаны туралы хабарладық.
Зауыт «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС-не тиесілі болып шықты.