Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған бастама еліміз бойынша экологиялық мәдениетті арттыру, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып келеді. 

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Науқан аясындағы кезекті сенбілік іс-шарасы Еңбекші ауданында өткізілді. Оған Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы және «Группа ИНТЕКО» мекемесінің мамандары жұмылдырылып, бірқатар аумақта санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. 

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Атап айтқанда, Қаратөбе елді мекені, Жібек жолы және Бердіқожа батыр көшелерінде арнайы техникалар мен тазалық бригадалары жұмыс жүргізді. Тазалық жұмыстары барысында көше бойындағы арам шөп орылып, ағаштардың қураған бұталары кесілді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы мұқият сыпырылып, аялдамалар мен жол жабыны жуылып, санитарлық талаптарға сай келтірілді.

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Тұрмыстық қалдықтар мен жиналған күл-қоқыстар арнайы техника көмегімен түгелдей шығарылды. Бұл жұмыстарға тек мекеме қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып, ортақ іске үлестерін қосты. Мұндай бірлескен жұмыстар қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз. 

Жалпы, Еңбекші ауданында тазалық пен тәртіпке бағытталған мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – тек қала көркі үшін ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін де маңызды. 

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Шымкент қаласының барлық ауданында кезең-кезеңімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала экологиясын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар