Шымкент және Түркістан облысы полиция департаменттерінде ротация болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полковник Құрманбек Сахов тағайындалды. Ал Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полковник Арман Бейсенбаев келді.

о
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып полиция полковнигі Құрманбек Сахов тағайындалды. Ол 1984 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 2025 жылдың ақпанынан маусым айына дейін Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2025 жылдың маусым айынан бастап Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полиция полковнигі Арман Бейсенбаев тағайындалды.

Қызмет жолында Арман Бейсенбаев тергеушіден бастап облыстық деңгейдегі басшылық қызметтерге дейінгі сатыдан өткен. 

Еңбек жолында, Шымкент қаласы ІІБ 2-полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, Шымкент қаласы ІІБ 2-полиция бөлімінің тергеу бөліміндегі мүліктік қылмыстар мен есірткі айналымына қатысты істерді тергеу тобының тергеушісі, ОҚО ІІД Шымкент қаласы 2-полиция бөлімінің жедел уәкілі, із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыскерлерді іздеу тобының жедел уәкілі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, есірткіге қарсы күрес және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, 2012 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөлімінің бастығы болды.

Ал, 2015-2025 жылдар аралығында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, Шымкент қаласы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымдарында еңбек етті. 

Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО Экономика басқармасының басшысы болып Нұрсұлтан Маратов тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар