15:07, 01 Ақпан 2024 | GMT +5
Шымкентте 10 000-нан астам «жалған тұрғын» тіркеуден шығарылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Рейд барысында 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын адамдардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.

Көші-қон қызметінің инспекторлары 28 991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйлерді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і тұрғын ғана өз тіркелген мекенжайында тұратыны анықталды. Нәтижесінде 10 005 жалған тұрғын бөтеннің үйінен тіркеуден шығарылды.
Рейд барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғын жай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.
Сонымен қатар тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 адам анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша хаттама толтырылды.