Шымкентте 1500-ге жуық азамат әскерге шақырылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Шымкентте шамамен 1500 жас жігіт әскерге жіберіледі. Олар Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, Ұлттық ұланда, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде мерзімді әскери қызметін өтейтін болады.

— 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен шамамен 600 адам Қазақстан Қарулы күштеріне, 170-тен астамы ҰҚК Шекара қызметіне, 20-сы Мемлекеттік күзет қызметіне, 400-ден астамы Ұлттық ұланға және тағы 20-сы ТЖМ құрылымдарына жіберіледі, — деп мәлімдеді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Арынбаев.

Осы жылы әскерге шақыру рәсімі барынша ашық әрі қолайлы ұйымдастырылған. Шақырылушыларға жеке шақыру қағаздары мен SMS-хабарламалар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат күзгі әскерге аттанатындығын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар