Шымкентте 6 жастағы жеткіншекті азаптап өлтірген туысы 20 жылға сотталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Сотталушы әпкесінің қызын ұрып, есінен тандырып, кейіннен ваннадағы суға тұншықтырған.

10-месячный ребенок умер в больнице в Костанайской области
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға өткен жылдың маусым айында Шымкент қаласында болды. Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерде сотталушы әпкесінің 2018 жылы туған қызын азаптап өлтірген. 

Ұйқысынан оянған 6 жастағы жеткіншектің айқайлай бастағанына ашуланған сотталушы қыздың аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Есінен танып қалған оны ваннаға су толтырып, тұншықтырып қасақана өлтірген.

Сот шешімімен сотталушы ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, сот 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

— Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енді, — делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты бірнеше айыпталушыға сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар