Шымкентте 7 мыңнан астам абонент газсыз қалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Шымкент тұрғындары жол-көлік оқиғасына байланысты газсыз отыр. 

Шымкентте 7 мыңнан астам абонент газсыз қалды
Фото: pexels

Оқиға Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes автокөлігі жоғары қысымды жерүсті газ құбырына соғылған.

— Авариялық бригада Ш. Қалдаяқов көшесіндегі құбырды жабу арқылы ақауды оқшаулады. Оқиға орнында «QazaqGazAimaq» АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр, қалпына келтіру шаралары жүргізілуде, — деді мамандар.

Диспетчерлік қызметтің деректеріне сәйкес, 7000 жуық абонент апат салдарынан газсыз қалды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тартылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі «Кең баба» саябағы түпкілікті мемлекет меншігіне өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар