Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды.

Адвокат және нотариус лицензияларын алу
Фото: ҚР Әділет министрлігі

Сот талқылауы барысында жеке нотариус «A» жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған.

«Кейіннен ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.

Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген», — деп жазды қалалық прокуратурадан.

Бақылаушы орган Шымкент қаласының тұрғындарынан нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеу кезінде абай болуды, қажет болған жағдайда заңгерлерден кеңес алуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар