Шымкентте алғаш рет «Street Food Fest» көше тағамдары фестивалі өтті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Аталған іс-шара қаланың үздік көше тағамдарын насихаттап, тұрғындар мен қонақтар үшін ерекше атмосфера ұсынды. Фестиваль аясында аспаздардан шеберлік сағаттары, концерттік бағдарлама, көше билері, акробатикалық қойылымдар және қолөнершілер аймағы ұйымдастырылды.

көше тағамы
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Фестивальдің басты ерекшелігі салмағы 67 келі тартатын алып бургердің әзірленуі болды. Бұл бургер «КИНЭС» рекордтар кітабына еніп, еліміздегі «Ең үлкен гамбургер» ретінде ресми түрде тіркелді. Бастама Шымкенттің гастрономиялық мәдениетін танытуға, сондай-ақ қаланың туристік әлеуетін арттыруға бағытталды.

көше тағамы
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Сонымен қатар қаланың тамақтандыру орындары арасында байқау өткізіліп, ең үздік орталықтар анықталды. Жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері бағалап, үздіктер марапатталды.

көше тағамы
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Алып бургер «City» қонақүйіне табысталып, қала қонақтары мен туристерге үлестірілді.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Іс-шара қаланың креативті әрі қонақжай келбетін көрсетіп, жаздың дәмін бірге сезінуге мүмкіндік берді.

тағамы
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Айта кетейік, Шымкентте бизнес гранттардың саны бойынша қызмет көрсету саласы алдыңғы орынға шықты.

 

Соңғы жаңалықтар