Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандардың автокөліктері айыптұраққа қойылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Баласының алдындағы берешегі барларды «Қорғау» жүйесі анықтап жатыр. 

Айыптұрақ
Фото: Polisia.kz

Үш көлік иесі ұзақ уақыт бойы балаларына тиеселі қаражатты төлемей келген. «Ravon» және «Toyota» жүргізушілерінің алимент бойынша берешегі әрқайсысында 2 миллион теңгені, ал «Daewoo» тізгіндеушісінің берешегі – 1 млн 300 мың теңгені құраған. Бейнебақылау инспекторлары құқықбұзушыларды ұстауға патрульдік полиция экипаждарын бағыттады.

«Борышкерлерге міндетті төлем туралы ескертілді. Алимент төлеуден жалтарған тұрғындардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды», - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Асқар Алипбаев. 

Соңғы жаңалықтар