Шымкентте ауаға оқ атқан адам қамауға алынды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте қоғамдық тәртіпті бұзып, ауаға оқ атқан азамат жауапқа тартылды.
Шымкентте Жайлау шағынауданында Toyota автокөлігінде болған белгісіз тұлғалардың ауаға оқ атқаны туралы полицияға хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басын анықтады.
– Қоғамдық тәртіп пен заңнама талаптарын бұзу дерегі бойынша азаматқа әкімшілік материалдар толтырылып, іс мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды, – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаменті.
Сот шешімімен құқық бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Сонымен қатар 8 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Бұған дейін 20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылғаны туралы хабарлаған едік.