Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ву
Фото: Видеодан алынған скрин

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған, - деп жазды жергілікті ПД.

Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта полицияның күзетінде.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Шымкентте бойжеткеннің өлімінен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар