Шымкентте бизнес гранттардың саны бойынша қызмет көрсету саласы алдыңғы орынға шықты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Мемлекеттік қолдаудың алғашқы толқыны аясында кәсіпкерлік жобаларды іске қосуға 134 өтінім мақұлданды.

Швея тігінші
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Бағдарламаға қатысу үшін барлығы 934 өтінім қабылданған, оның ішінде арнайы комиссия 134 өтінімді мақұлдады. Әрбір жеңімпаз өз кәсібін бастау үшін мемлекеттік қолдау аясында қарастырылған 1 572 800 теңгеге дейінгі (400 АЕК) грантқа ие болды.

— Грант иегерлерінің басым бөлігі – әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алатын бес адам, асыраушысынан айырылған жеті адам, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар 23 азамат, көпбалалы отбасылардан шыққан 71 адам және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 28 ата-ана бар, — деп хабарлады қалалық еңбек мобильділігі орталығының мамандары.

Қолдау тапқан жобалар түрлі бағыттарды қамтиды. Ең танымал сала – қызмет көрсету болды. Бұл бағытта 50 жоба мақұлданды.

Басқа бағыттар қатарында:

-өндірістік жобалар (құлпынай өсіру, ет өнімдерін қайта өңдеу) – 39 жоба;

-тігін ісі – 15 жоба;

-наубайхана және кондитерлік өнімдер – 14 жоба;

-жартылай фабрикаттар өндірісі – 9 жоба;

-мал және құс шаруашылығы – 2 жоба;

-жиһаз өндіру – 1 жоба;

-өзге бағыттар (фастфуд, сусындар, шұжық өнімдері) – 4 жоба.

Грант иегерлері еңбек мобильділігі орталығымен екіжақты келісімшартқа қол қойды. Қазіргі уақытта қаражатты аударуға дайындық жүргізіліп жатыр.

Ата кетейік, бұдан бұрын Шымкенттің су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар